Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері

Адам - табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» - деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден - оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден - адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам - ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.

59.Марксистік және марксистік емес бағытты ұстанған әлеуметтанушыларды қақтығыссыз қоғам бола ма деген сұрақ қатты толғандырды. Қақтығыс күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі, яғни қоғамдық өмірдің қозғаушы күші болып табылады. Осы тұрғыда, қақтығыс қандай көрініске ие болып отыр: дисфункция, аномалия, әртүрлі әлеуметтік өзгерістерді туындататын әлеуметтік өмірдің маңызды қажеттілігі. Нақты дәлелдемемен сипаттама беріңіз.

Дисфункция - әлеуметтік жүйелердін қызмет етуінің тиімділігі мен оларды қолдауға кері әсерін тигізетін әлеуметтік белсенділік

Аномалия (көне грекше: anоmalіa — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.

1. Геологияда— табиғаттағы құбылыстың әдеттегі немесе теория бойынша болжанған шамадан күрт ауытқуы. Жер қыртысының түрлі физикалық қасиеттерінің қалыпты шамадан ауытқуы геофизиялық аномалиядеп, ал жер қыртысындағы кейбір химиялық элементтер мөлшерінің қалыпты шамадан ерекше көп болуы геохимиялық аномалия деп аталады.



2. Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауы. Аномалия балалар арасында жиі кездеседі. Оған негізгі кемістік категориялары: есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, ой-өрістің артта қалуы жатады. Аномалия туа және жүре пайда болған аномалия болып екіге бөлінеді. Туа болған аномалия тұқым қуалайтын ауруларға байланысты немесе химиялық, механикалық, радиациялық т.б. әсерлерден болса, жүре пайда болған аномалия жұқпалы аурулардың (полиомелит, қызылша,менингит т.б.) салдарынан болады. Соның кесірінен балалар сақау, соқыр, мылқау, кекеш немесе ақыл-ой кемістігіне ұшырайды.

3. Аномалия (көне грекше: anomalia — ауытқу) — эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам мен жануарлар организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдақ ауытқуы. Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды. Қар. Тератогенез.[1]

II. Аномалия — құжаттамадағы немесе программа жұмысындағы, күнібұрын тексерілген программалық өнімге немесе құжаттамаға негізделген, күтілген жағдайдан ауытқуы байқалған жайттар. [2]



III.Аномалия (ауытқу). Тістердің, жақ сүйек жүйесінің нормадан ауытқуы, яғни кемістігі. [3]

Аномалия — метеорологиялык элементтің орташа тәуліктік, бес күндік, айлық және тағы да басқалары шамаларының осылардай көп жылдық шамалардан ауытқуы. Мысалы, егер биылғы жылы қаңтардың орташа темлературасы Қостанай қаласында —18,5°С, ал оның көп жылдық орташа температурасы —14,8"С болса, онда биыл қаңтардағы темперагураның Аномалиясы —3,7°С болады.

Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқӘлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.

Әлеуметтік өмір — экономика да, саясат та, сонымен бірге қоғам өмірінің рухани және басқа тұстары да көрініс табатын қоғамдық өмірдің негізгі сферасы. Қоғамдық өмірдің бұл саласында адамдардың тамақ, баспана қажеттілігі, бос уақытын өткізу, мәдениетті игеру, әлеуметтік қорғау секілді басқа да негізгі қажеттіліктері қанағаттандырылады. Өйткені өзінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруда адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесіп өздерін қоғамдық тіршілік иесі ретінде көрсетеді. Әлеуметтік өзара әрекеттесу тұлға аралық, сондай-ақ топтар аралық сипатта болады. Әлеуметтік топадамдардың мүліктік, кәсіби, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да айырмашылықтарына байланысты тұлғалардың мәртебелік жағдайын анықтайды. Әлеуметтік саясат тұлға мүддесінің қорғалуын және оның негізгі кажеттіліктерін канағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті

60.Экономика қоғамның әлеуметтік дамуының негізі деген тезисті дәлелдеңіз. Осы мақсатта нақты бір елдегі белгілі-бір уақыт аралығындағы экономикалық даму мен әлеуметтік прогрестің арақатынасын талдауға көмектесетін статистикалық көрсеткіштерді мысалға ала отырып, дәлелдеңіз.

Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

· Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.

· Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.

· Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады

Экономикалық даму деңгейі — елдер тобының (елдің, ауданның) экономикалық даму процесінде қол жеткен дәрежесін және оларды салыстырылатын аумақтар иерархиясының қатарынан алатын орнын анықтауғамүмкіндік беретін жалпылама экономикалық сипаттама. Экономикалық даму деңгейі бір жыл ішінде өндірілген ұлттық табыстың немесе түпкі қоғамдық өнімнің халықтың жан басына шаққандағы көлемі ретінде анықталады. Бұл көрсеткіштердің сырт сипаты Экономикалық даму деңгейін анықтау үшін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің арақатынастарын, техникалық прогрестің деңгейін анықтайтын казіргі кездегі өнеркәсіп салаларының (аспаптар жасау, радиоэлектроника, мұнай-химия және т.б.) үлесін; ғылыми-зерттеу мен тәжірибе - конструкторлық жұмыстардың даму деңгейін; бір тұрғынға шаққандағы электр энергиясын тұтыну, табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін, қоғамдық өндірістің ұйымдастырылуы мен оның тиімділігі сияқты кешенді экономикалық сипаттамаларды талап етеді. Экономикалық даму деңгейін экономикалық әлеуеттен айыра білу керек, мысалы, ел экономикалық әлеуеті аз бола тұрып, жоғары деңгейде дамуы мүмкін және керісінше.[

Әлеуметтік прогресс - қоғамдық өмірдің күрделенуі, "өндірістің, мәдениеттің әлеуметтік еркіндік, тендік, әділеттіліктік, өркениеттік бағытга дамуы. Келешекге әлеуметтік прогресс бүкіләлемдік, экологиялықмәселелермен сабақтас құралады. Адамдардың үнемі туындап отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты Әлеуметтік прогресстің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан Әлеуметтік прогресстің өлшемін осы күштің аркасында қозғалысқа келетін өндіргіш күштердің дамуымен салыстыруға болады. Әлеуметтік прогресс қоғамды әлеуметтік қатынастардын өзгерісіне жетелей отырып, оны әлеуметтік теңдікке, әлеуметтік бостандықтың өркен жаюына, әлеуметтік әділеттілікке жетелейді.
Әлеуметтік прогресс қоғамының бірте-бірте күрделеніп, оның құрамдас бөліктерінің сапалық жаңа сатыларға көтерілуі, әрі тарихи жетілуі, қоғамның тарихи бір формациялық құрылыстан келесісіне өтуі, өндіргіш күштердің сапалық және сандық дамуларымен байланысты. Тарихи нақтылы кезеңдегі белгілі бір мемлекет көлеміндегі Әлеуметтік прогресс сол елдің әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың азайып, олардың араларындағы байланыстардың, бірліктік түсіністіктің нығаюы арқылы анықталады. Осылардың негізінде жеке адамның әлеуметтік құрылымда алатын орнына қарамастан олардың азаматтығының жан-жақты дамып жетілуі бірте-бірте шындыққа айнала бастады, әрбір адамның адамзаттык, рухани және материалдық мәдениетке, ғылым мен техника жетістіктеріне араласуы, солардың жетегіңде өзінің шығармашылыққабілеттерін жүзеге асыруы мүмкін.


7395965411476416.html
7396026577125258.html
    PR.RU™