Халқы

Қазіргі Африка халқының жалпы саны 2004 жылы 800 млн адамнан асады. Бірақ Африка халқы елдер бойынша біркелкі таралмаған. Халқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды.

Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды.

Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер).

Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда.

Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе.

Антропологиялық ерекшеліктеріне қарай нәсілге бөлінуі:

1) Жерорта теңіздік (Солтүстік Африка)

2) Эфиопиялық (Шығыс Африка)

3) Қойсандық (Оңтүстік Африка)

4) Пигмейлік (Батыс Африка)

5) Негроидтық (Орталық Африка)

Жерорта теңіздік(Солтүстік Африка)

Африканың солтүстік жағалауын мекендейтін талықтар жатады. Еуропоидтік рассаға өте жақын. Шаштары қара, көздері күңгірт, қара-қоңыр, бойлары 165-170 см.

Кейбір антропологтар бұл жердің халқын 2 нәсілге бөледі: араб, бербер. Олар өздерінің пікірлерін 8 ғ-дағы арабтардың Магриб елдері Алжир, Тунис Марокконы жалап алуымен байланыстырған. Тарихи деректерге қарағанда, келуші арабтар жергікті берберлердің 4% ғана құраған. Бұдан біз бұл пікірдің бұрыс екеніндігін көреміз.



Эфиопиялық (Шығыс Африка)

Еуропоидтық пен негроидтық нәсілдерінің арасын-дағы антропологиялық бөлік. Африканың солт-шығысындағы Эфиопия жарты аралын, бір бөлі-гі Аравия жарты аралының оңтүстігін мекендейді. Эфиопия халықтары: амхара, тигере, гураге, галла, сомали, данакиль, беджа және т.б. Антропологиялық белгілері: түстері қызғылт-қара, шаштары толқынды бұйра, еріндері шамалы түріңкі, мұрындары кішілеу. Палеоантропологиялық деректерге қарағанда, Эфиопия нәсәлә неолитте Ш.Африкада пайда болды.

Қойсандық (Оңтүстік Африка)

Африканың оңтүстік шетін мекендеген. Оларға бушмендер мен готтентоттар жатады. Оларды оңттүстік африкалық топтар деп те атайды. Бушмендер жер шарындағы халықтарң ішіндегі антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар болып келеді: олар бұйра шашты, желбезекті мұрынды болу сияқты кейбір белгілерімен негрлерге ұқсас болса, кейбір белгілерімен монголоидтарға ұқсайды, яғни түстерінің сарылығы, көздерінің қиығы, еріндерінің негрлерге қарағанда жұқа болуы соны меңзейді. Бушмендердің орташа бойы 150 см. Ал готтентоттар бушмендерден гөрі бойшандау.

Пигмейлік (Батыс Африка)

Конго бассейнінде мекендейді. Пигмей – адамдар-дың дамуы бойынша “балалық шақта жасаушылар” деген мәнді береді; яғни олар өздерінің өсуі бойынша неандертальдіктерден алшақ кетпеген деген пікірді білдіреді. Бұл пікірді шығарушы, оны дамытушы швейцар анатомшысы Колльман. Олардың бойлары орта есеппен 141-142 см-ден аспайды, түстері негрлерден ашандау, беті түкті, шаштары мол, кең танаулы, жұқа ерінді келеді.



Бірақ, Кольманның пікіріне қосылуға болмайды. Себебі қазіргі дәуірдегі адамдар неандертальдіктерден әлде қайда алға кеткен.

Негроидтық (Орталық Африка)

Батыс, Орталық, Судан, Нілдің жоғары ағысын, Конго өзенінің бассейнін түгелдей дерлік Шығыс, Оңтүстік Африка жерлерін мекендейтін халықтар жатады. Негроид нәсілінің алғашқы пайда болған жері Батыс Судан мен Батыс тропикалық Африка жерлері болуға тиіс. Негізгі белгілері: түстері қара қоңыр, шаштары қара бұйра, тығыз, танауы кең, еріндері түріңкі, қалың, тістері аппақ, бойлары 165-185 (орт. 182см.) см. Айрықша өкілдері Нигерия мен Конго өзендер бойларын мекендейді.

Лингвистикасы:

I. Семит-хамит семьясындағы тіл

II. Судан тілі

III. Банту семьясындағы тіл

IV. Қойсан бөліміне жататын тілдер

V. Мальгаш тілі


7388604191383026.html
7388688707254441.html
    PR.RU™